Мысыр құрамасының қақпашысы харам сыйлықтан бас тартты (фото)
Мысыр құрамасының қақпашысы харам сыйлықтан бас тартты (фото)
6 жыл бұрын 12372 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Биыл өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің алғашқы турында Уругваймен матч кезінде ең үздік ойыншы ретінде танылған Мысыр құрамасының қақпашысы Мұхаммед Шенауи өзіне тарту етілген сыйлықты қабылдаудан бас тартты. Оған ең танымал сыра тарту етілген болатын. Ішімдікке тыйым салынғандықтан шариғатта, қақпашы сыйлықты алудан бас тартқан. Бұл жайында The Sun ақпарат көзі хабар таратты. Естеріңізге сала кетейік, Екатеринбург қаласында уругвайлықтармен өткен кездесудің соңы мысырлық команданың жеңісімен аяқталған еді - 1:0. 

 

0 пікір
Мұрағат