Қазақ футболшысы 7 балалы анаға "Харакет" қорымен бірлесіп, үй алып берді
Қазақ футболшысы 7 балалы анаға "Харакет" қорымен бірлесіп, үй алып берді
6 жыл бұрын 8143

Қазақ футболшысы Абзал Бейсебеков көпбалалы отбасыға "Харекет" қорымен бірлесіп, баспана алып берді.

Абзал Бейсебеков Қазақстан құрамасы мен «Астана» футбол клубының ойыншысы. Футболшы Маңғыстау облысы Жетібай кентінен көпбалалы отбасыға баспана сатып алып берді, деп жазады stan.kz порталы prosports.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

7 баланың ата-анасы Қуатбай Бақтыбайұлы мен жары Айгүл Әбдіғаниқызы «Харекет» қоры арқылы жан бағып келген. Футболшы Ораза айт күні жақсылық жасап, бір қазақ отбасына қуаныш сыйлады.

Желі қолданушылары футболшыға ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.

0 пікір
Мұрағат