Сноубордшы қыз соңынан қуып келе жатқан аюды байқамаған (ВИДЕО)
Сноубордшы қыз соңынан қуып келе жатқан аюды байқамаған (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2616 inform.kz Росбалт

Жапониялық Хакуба 47 курортында демалған  сноубордшы Келли Мерфи таудан түскенде аюдың құрбаны бола жаздаған.  Мерфи айтқандай, таудан түсіп келе жатқанда  құлаққаппен Рианнаның әнін тыңдап, өзі де дауыстап орындап, соңына түскен жыртқышты байқамай қалған.  Қыз түсірілген роликті қарағанда ғана соңынан аюдың қорбаңдап қүып келе жатқанын көрген. «Түсірілген видеоны қарап жатқанда аюдың қуғанын көрдім. Бұл кеше Жапонияда „Хакуба 47" курортында болды! Абай болыңыздар!» - деп жазды Мерфи. 

0 пікір
Мұрағат