Мұсылмандар діндес бауырларының құқығын қорғау үшін қомақты қаражат жинады
Мұсылмандар діндес бауырларының құқығын қорғау үшін қомақты қаражат жинады
8 жыл бұрын 2906

АҚШ-тың Мичиган штатындағы Америка-Ислам қатынасы жөніндегі кеңестің (CAIR) бөлімшесі осы штаттағы мұсылмандардың құқығын қорғау үшін қомақты қаражат жинады. Нақтырақ айтқанда, елдегі аса ірі мұсылмандар ұйымының аталған аймақтағы бөлімшесі жексенбілік шара арқылы 150 000 доллар шамасында қаражат жинады. Бұл қаражат елде өршіп тұрған исламофобиялық құбылыстан зардап шеккен, жәбір көрген америкалық мұсылмандардың сотта құқығын қорғау шығындарына жұмсалады. Исламофобиялық жат құбылыс бұл елде президент сайлауы қарсаңында қатты өршіп кеткен еді. Оған сайлауға түсетін Дональд Трамп секілді президенттікке үміткерлердің арандатушылық мәлімдемелері отқа май құйғандай етті. Бұл жайында аталмыш мұсылмандар ұйымының Мичигандағы бөлімшесінің жетекшісі Даут Уәлид «Detroit News» ақпарат көзінің тілшісіне айтып берді. Мичиган штатының губернаторы Рик Шнайдер аталмыш ұйымның бұл бастамасын құп көріп, алғысын білдірді.

0 пікір
Мұрағат