Грузин полицейі қалай жұмыс істейді (фото+видео)
Грузин полицейі қалай жұмыс істейді (фото+видео)
6 жыл бұрын 4617 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Грузия полициясы бұрынғы КСРО кеңістігіндегі ең үздік, ең үлгілі полиция саналады. Неге екенін білесіз бе? 2004 жылғы аталмыш елдің ішкі істер министрлігі жүргізген реформадан кейін 75 мың полиция қызметінен шеттетілді. Қазіргі уақытта 3,5 млн халқы бар елде бар-жоғы 20 мың полиция ғана жұмыс істейді. Tengrinews.kz ақпарат көзінің тілшісі ел орталығы - Тбилиси қаласында болып, аталмыш елдің полициясының қалай жұмыс істейтінін өз көзімен көріп қайтқан екен. Грузияда полиция мекемелері биік дуалдармен қоршалмаған. Ол ол ма, кріберісті күзетші қойылмаған. Келген адам бірден полиция қызметкерлері қабылдайтын бөлмеге тап болады. Полиция, тіпті, ұсақ ұрлыққа дейінгі арыз-шағымды қабылдап алуға міндетті. Олай болмаған жағдайда жұмысынан айырылады. Сонсоң, тұрғындардың арыз-шағымы мен талап-тілегіне немқұрайды қараған қызметкер қайта мемлекеттік қызметке алынбайды. Бұл жайында Грузияның ішкі істер министрінің орынбасары Нино Джавахадзе мәлем етті. Тбилиси полициясы тәулігіне 12 сағат жұмыс істейді. Екі ауысыман соң демалады. Грузин полициясының орташа жасыв 25-30 жасты құрайды. Полиция атанғысы келген адам бірнеше байқаудан өтуі тиіс: денсаулығында кінәрат болмауы тиіс, яғни, шымыр да білекті болуы шарт, екіншіден, тәртіп сақшыларына тән дағдыларға машықтануы тиіс, үшіншіден, IQ-тестен сүріндей өтуі керек. Әдетте бұл елде іріктеуден 100 адамнан 10 адам ғана сынақтан сүрінбей өте алады. Сондай-ақ, грузин полициясы адамдармен тіл табыса білуі тиіс, шетел тілін білуі міндетті. Грузин полициясының орташа жалақы мөлшері - шамамен 500 доллар. Грузин полициясы мен оның отбасы медициналық сақтандырумен, әлеуметтік қамсыздандырумен қамтамасыз етілген. Сонымен бірген, оларға тегін баспана беріледі. Мемлекет есебінен. 

Фото авторы: Айнаш Ондирис

 

0 пікір
Мұрағат