Ресейде марапаттаудың жаңа түрі пайда болды: "Өрт кезіндегі ерлігі үшін"
Ресейде марапаттаудың жаңа түрі пайда болды: "Өрт кезіндегі ерлігі үшін"
6 жыл бұрын 2340 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин "Өрт кезіндегі ерлігі үшін" жаңа медалін, сондай-ақ, "РФ-ның Еңбегі сіңген өрт сөндіруші" атағын тағаайындау туралы жарлыққа қолын қойды. Бұрын осыған ұқсам мұндай марапат түрлері тек РФ Төменше жағдай министрлігінде және Ішкі істер министрлігінде болған. Аталған жарлықта айтылғандай, жаңа медал өрт сөндіру кезіндегі ерлігі мен өрт кезінде адамдарды құтқарғаны үшін, сондай-ақ, өрт кезіндегі ықтимал жарылыстың алдын алғаны үшін беріледі. Бұл медалды өрт сөндірушілермен қатар әскери қызметкерлер де, қарапайым ел тұрғындары да, тіпті, шетелдік азамат та ала алады. Өрт сөндіру кезінде жарлықта көрсетілген міндеттерді ойдағыдай атқарған болса. 

0 пікір
Мұрағат