Сөз арасында: Қытайдың сауда соғысындағы осал тұсы
Сөз арасында: Қытайдың сауда соғысындағы осал тұсы
6 жыл бұрын 3005 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы жөнінде бірнеше рет егжейлі-тегжейлі жазған болатынбыз. Бұрын да хабарлағанымыздай, бұл сауда соғысында Қытайдың қандай ықтимал қадамдар жасайтыны туралы да айтып өткенбіз. Мына жайтқа назар аударыңыз: Баж салығы Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың "сүйікті" қаруына айналған. Егер Қытай билігі АҚШ-тың сауда соғысындағы әрекетіне қарымта қайтаруын тоқтатпаса, АҚШ президенті жыл сайын АҚШ-қа экспортталатын 524 млрд доллардың тауары мен қызметінің бәріне баж салығын арттырмақ. Ал АҚШ-тың Қытайға жыл сайынғы экспорттайтын тауарлары мен қызмет түрлері 188 млрд доллардан аспайды. Тариф жөнінде сөз қозғаған кезде Қытайдың осал тұсы - аталған елге экспорты импортынан басым түсіп жатқанын айта кету керек. 

0 пікір
Мұрағат