Аспаз робот (видео)
Аспаз робот (видео)
4 жыл бұрын 3223 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шапшаң қызмет көрсету форматындағы мейрамханалар (Quick Service Restaurant – QSR) ұзақ уақыт бойы америкалық асүйдің негізгі тірегі болып келді. Әлі күнге күллі әлемге танымал аталмыш мейрамханалар желісінің шығыны да артып келеді. Шығынды барынша оңтайландыру үшін, яғни, мейлінше аз шығынмен көп пайда табу үшін осы заманғы озық технологияның көмегіне жүгінуге тура келіп отыр: жасанды интеллекті негізінде жұмыс істейтін роботтарды пайдалана бастады. Мәселен, Miso Robotics компаниясы қатаң бәсекелестікке төтеп беру үшін жылжымайтын мүліктің жалдау ақысы мен аспаздардың жалақысынан ұту үшін робот аспазды пайдаланып отыр. Флиппи деген есім берілген флагмандық робот осы уақытқа дейін гамбургер үшін 20 мың келі котлет қуырған. Ол кез келген қуыру арқылы дайындалатын тағамдарды жасауда алдына жан салмайды. Қазіргі уақытта аталмыш компания өз бизнесін кеңейту бағытында жасанды интеллекті бойынша тәжірибелі рестораторлар мен мамандардан тұратын команда осынау жобаға 1,5 млн доллар инвестиция тартты.

0 пікір
Мұрағат