Израилдік спортшылармен жарысқа түсуге заңмен тыйым салынды
Израилдік спортшылармен жарысқа түсуге заңмен тыйым салынды
17 күн бұрын 592 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран билігі ел спортшыларына әлемдік немесе халықаралық жарыстарда я болмаса олимпиадиялық ойындарда изарилдік спортшылармен бақ сынасып, жарысуға заң жүзінде тыйым салды. Осылайша Парсы елі Израилді мемлекет ретінде мойындамайтынын тағы бір мәрте танытты. Бұл жайында аталған ел парламентінің спорт комитетінің жетекшісі Мұхаммед Әзәзі Etemad мерзімді басылымына берген сұхбатында мәлім етті. Десе де халықаралық ұйым болғандықтан қандай да бір жікшілдікке алып келетін нәсілдік кемсітушілік пен этникалық бөлінушікті құптамайтын, адам құқығына құрметпен қарауды ежересіне бекіткен Халықаралық олимпиада комитеті шиғалар елінің бұл шешімін құптап немесе қаптамайтыны жөнінде жауап қатқан жоқ. Израилдік спортшылармен спорттық шараларда жарысқа түсуден бас тартқаны үшін ирандық спортшыларға ұдайы санкция салынып келе жатыр. Иран билігі қалыптасқан ахуалдан осындай жолмен шығуды көздеп отыр. Иран билігінің бұл қадамы қаншалықты жемісті боларын алдағы уақыт көрсетеді. 

0 пікір
Мұрағат