Әлемдегі ең жайлы түрме ашылды (фото)
Әлемдегі ең жайлы түрме ашылды (фото)
6 жыл бұрын 5670 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Данияның Гундслев қаласына таяу маңнан әлемдегі ең жайлы түрме ашылды. Абақтыға Сторстрём атауы берілді. Оның құрлысына шамамен 160 млн доллар жұмсалған. Бұл түрмені тұрғызуға бес жыл кеткен. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Абақты 250 тұтқынға шақталған. Тұтқындардың әрбіреуіне жалпы ауданы 4 шаршы метрді құрайтын, теледидар, тоңазытқыш қойылған, терезесі үлкен, гомылатын бөлмесі бар. Түрме аумағында өз шіркеуі, құлшылық ететін орны, спортпен жаттығу алаңы, жалпы бөлме, өз бағы, ол ол ма, ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жері бар. 

0 пікір
Мұрағат