Қазақстанның бұғатталған 22 млрд доллары қайтарыла ма?
Қазақстанның бұғатталған 22 млрд доллары қайтарыла ма?
6 жыл бұрын 2970 Дәурен Ерболат

Өткен аптада АҚШ-тың BNY Mellon банкі Қазақстан Ұлттық қорының 22 млрд долларын бұғаттап тастаған. Оған Молдова кәсіпкері Анатолий Стэти мен оның компанияларының Қазақстан үкіметі үстінен түсірген шағымы себеп болған. Аталған мәселеге қатысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

«Менің ойымша, бұл мәселеге қатысты алдағы уақытта талқылаулар болатын шығар. Бірақ бұл – қаражат ұлттық қордағы қаржы. Демек, бұл қаржы – халықтың қаражаты. Сондықтан бұл ақшаны біз ешкімге бермейміз. Алдағы уақытта тиісті шешімдер қабылданады. Осы бағытта біздің министрліктер мен ведомстволар арнайы жұмыс жүргізеді. Заңгерлеріміз бен мемлекеттік органдар аталған мәселемен айналысуда. Сондықтан бұл мәселеде «дұрыс шешім қабылданады» деген сенімдемін. Заңды жолмен бұл қаражатты қайтарамыз. Оған ешкімнің күмәні болмауы керек», - деді депутат журналистерге Мәжілісте өткен Үкімет сағатынан кейін.

Айта кетейік, АҚШ-та бұғатталған қаржы көлемі ҚР Ұлттық қорының 40%-ын құрайды.

0 пікір
Мұрағат