Әлеуметтік желілер мен электронды бұқаралық ақпарат құралдарына «қырғидай тиді»
Әлеуметтік желілер мен электронды бұқаралық ақпарат құралдарына «қырғидай тиді»
6 жыл бұрын 2971 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен үш жылдың ішінде Қытай билігі ғаламтордағы зорлық-зомбылық пен порнографиямен күресті желеу етіп, 13 мыңнан аса сайтты жауып тасиаған екен. Бұл жайында мемлекеттік Синьхуа ақпарат агенттігі хабар таратты. Бұған қоса, әлеуметтік желіде ондаған млн пайдаланушысы бар аккаунттарды халықты соңынан ертіп, билікке қарсы бас көтеруі мүмкін деген қауіппен бұғаттаған. 2017 жылдың қыркүйек айында The New York Times мерзімді басылымы хзабарлағандай, Қытай аумағында WhatsApp қосымшасының жұмысы жиі тоқтатылады. Сондай-ақ, Қытай билігі Twitter, Facebook, Instagram әлеуметтік желілері мен YouTube видеохостингін аштырмай тастауды әдетке айналдырған. Аталған елде тек билік тарапынан мақұлданған әрі арнайы қызмет қадағалап отыратын VPN сервисін пайдалануға рұқсат етілген. Осылайша коммунистік режим азаматтардың сөз бостандығы мен ақпарат алу мүмкіндігін қатты шектеп отыр. 

0 пікір
Мұрағат