Әлемдегі ең алып ұшақ сынақтан сәтті өтті (видео)
Әлемдегі ең алып ұшақ сынақтан сәтті өтті (видео)
6 жыл бұрын 4732 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өрт сөндіруге әрі суда құтқару жұмыстарына арналған, қытайлар ойлап тапқан әлемдегі ең алып AG600 ұшақ- амфибия алғашқы сынақтан сүрінбей өтті. Аталмыш ұшу құралы Гуандун провинциясына қарасты Чжухай қаласының әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 09.38-де көкке көтерілген. Әуе кемесі көкте 64 минут болған, 3 мың шақырым биіктікке дейін көтерілген. Оны өзге ұшақтар қадағалап, бірге ілесіп жүрді. Яғни, техникалық қызметкерлер отырған ұшақтар. Сынақ барысында оның маневр жасай алатынына, ақаусыз ұшуына назар аударылған. Аталмыш ұшақтың бортында экипаждың 4 мүшесі болған. Айта кетейік, Қытай мамандары AG600-ді өткен жылдың шілде айында құрастырып біткен еді. Бұл ұшақ теңіздегі тіршілік ортасына мониторинг жүргізуге арналған құрылғылармен жабдықталған, сондай-ақ, ол жолаушылар және жүк тасымалдайды. Бұған қоса, қазба байлықтарды барлау, кен орындарын іздеу жұмыстарына да жарамды. 

 

0 пікір
Мұрағат