Ядролық арсеналын АҚШ-тағы деңгейге жеткізбек
Ядролық арсеналын АҚШ-тағы деңгейге жеткізбек
6 жыл бұрын 2661 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Солтүстік Корея АҚШ тарапынан төнген қауіпке қарсы тұру үшін өзінің ядролық қорғаныс қабілетін күшейтетін болады. Бұл жайында аталған елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Осы мақсатта күштердің тепе-теңдігін орнатуға мүдделі екендерін де жеткізді. Яғни, өздерінің ядролық арсеналын АҚШ-тағы деңгейге жеткізбек. Сонымен қатар, Солтүстік Корея билігі өздерінің ядролық және зымырандық бағдарламасын тоқтатпауына байланысты Бріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған қарарды Корей түбегіндегі жағдайды ушықтыратынын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының 22-і күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы жаңа шектеу шараларын енгізген болатын. Солардың ішінде БҰҰ-ға мүше елдерге Солтүстік Кореяға азық-түлік, болат, электр құрылғыларын, су көліктерін, шикізаттың кейбір түрлерін кіргізуге тыйым салынған еді. Бұған қоса, аталған елге бір жыл бойы еңбек мигранттарын жіберуге де тыйым салған.

Тағы естеріңізге сала кетсек, Солтүстік Корея термоядролық оқтұмсықты баллистикалық, құрлықаралық зымыранды сынақтан өткізген болатын. Егер аталған елдің билігі бұл туралы мәлімдесе, әлем қауымдастығы қауіп төндірген сыртқы күштерге доқ көрсеткені деп сенбейтін бе еді, егер Қытай мен Жапония мамандары.6,3 және 4,6 жерасты дүмпуін тіркемегенде. Бұл аралықта Солтүстік Кореяның орталық телеграфтық агенттігі сутекті бомба жасағандарын хабарлады. Яғни, баллистикалық, құрлықаралық зымыранның бас жағына орнатылатын. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталмыш  бомбаның қуаты ондаған килотоннан 100 килотонға дейін жетеді. Бұл жағдайда АҚШ-қа дейін жететін баллистикалық зымыранға сутекті бомба орнатуы әбден мүмкін. Пентагонның таратқан әрі келтірген дерегіне қарағанда, қазіргі уақытта Солтүстік Корея арсеналында 5,5 шақырым қашықтыққа дейін жететін жүздеген баллистикалық зымыранға ие болып отыр. Ал әлем проблемаларын зерттеумен шұғылданатын Стокгольм институт мәліметі бойынша Солтүстік Корея 10-12 ядролық оқтұмсыққа ие. Бұл ел жылына мұндай оқтұмсықтың алтауына дейін жасай алады.

Бүгінгі таңда сутекті бомба әлемнің тек бес елінде ғана бар: Ресейде, АҚШ-та, Қытайда, Ұлыбританияда және Францияда.

Аймақтағы жағдайға Қытай араласпаса,  Оңтүстік Кореядағы Пусан ұлттық университетінен оберт Келли бұл соғыста АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея жеңіліс табатынын алға тартып отыр. Екі ай ішінде. Десе де қантөгіс бола қоймайды, алайда, радиоактивті, химиялық және биологиялық қарудан келетін қатерден қорқып отыр. Тура мағынасында. Солтүстік Кореяның мыңдаған ұшқышсыз ұшатын аппаратын барын ескергенде бұл қауіптің шындыққа жақын. Бұған қоса, әлі бес-алты жылсыз Солтүстік Корея құрлықаралық баллитсикалық зымырандарды іске қоса қоюы екіталай. Технологияны жетілдіру үшін кем дегенде бес-алты жыл уақыт кетпек.

0 пікір
Мұрағат