Мысықтарға арналған ауыл ашылады
Мысықтарға арналған ауыл ашылады
6 жыл бұрын 2606 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның солтүстік-батысында орын тепкен Шанаққала провинциясында қаңғыбас әрі ауру мысықтар үшін арнайы ауыл ашылады. Жалпы аумағы 600 шаршы метрді алатын мысықтар ауылында бунгало стилінде үйшіктер тұрғызылады. Онда 200-ге дейін мысық паналайды, ем қабылдайды. Қаңғыбас жануарларды аулайтын қызметтің мамандары қаңғыбас мысықтарды Түркияның барлық өңірінен әкелуді көздеп отыр. Жергілікті биліктің айтуынша, ондағы мысықтарды адамдар тамашалай алатын болады, ұнаса, өзімен бірге асырауға алып кете алады.

0 пікір
Мұрағат