Әлем елдерінің қарыздары немесе Қазақстанның қарызы қай мөлшерде (инфографика)
Әлем елдерінің қарыздары немесе Қазақстанның қарызы қай мөлшерде (инфографика)
6 жыл бұрын 9309 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдік державалардың қарызы ұлғайып, 2018 жылдың шілде айының орта шенінде тарихта тұңғыш рет рекордтық деңгейге жеткен. Барлық елдің жалпы қарызы 247,2 трлн долларға жеткен немесе әлемдік жалпы ішкі өнімнің 318%-ын құрады. Бұл мәлімет Халықаралық қаржы институтынан алынды. Қарызға батқан елдер тізімінде 70 ел бар. Бір қызығы, әлемдік қарыздың көп бөлігі дамыған елдерге тиесілі. Сарапшылардың айтуынша, америкалық валюта түрінде алған қарыздың қатері артқан. Мәселен, Мысыр, Нигерия, Аргентина, Колумбия (доллармен қарыз алғандардың 75%-н құрайды), Мексика (62%), Оңтүстік Африрка Республикасы (57%), Бразилия (50%) және Түркия (47%). Ал Қазақстанның жалпы мемлекеттік қарызына келсек, яғни, мемлекет кепілдік берген және мемлекет тапсырмасымен алынған қарыз мөлшері 15 трлн теңгеге жеткен. 2018 жылдың наурыз айындағы еліміздің мемлекеттік қарызы 14,8 трлн теңге болған, бұл бір жыл бұрынғы (12,3 трлн теңге) көрсеткішке қарағанда 20,9%-ға көп. Бұл жайында finprom.kz порталының зерттеу нәтижесінде айтылған. Еліміздің жалпы мемлекеттік қарызы -14,3 трлн теңге  (бір жыл ішінде 20,1%-ға артқан), мемлекет кепілдік берген қарыз 428,5 млрд теңге (59,4%-ға артқан жыл ішінде), мемлекеттің тапсырмасы бойынша қарыз мөлшері 37,8 млрд теңгеге жеткен.  

 

0 пікір
Мұрағат