Еліміздегі мешіттердің бірі таңдаулы туристік орындардың әлемдік тізіміне енді
Еліміздегі мешіттердің бірі таңдаулы туристік орындардың әлемдік тізіміне енді
6 жыл бұрын 2978

«Нұр Астана» орталық мешіті «таңдаулы туристік орындардың әлемдік тізіміне» енді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

"Халықаралық комитеттің 2018 жылғы төрағасы, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Пискурев В.В. «Нұр Астана» орталық мешітінің «таңдаулы туристік орындардың әлемдік тізіміне» енгендігін растайтын дипломды наиб имам Әділхан Серікбайға табыстады" - делінген мешіт баспасөз қызметінің хабарламасында.

2017 жылдың 7 қарашасында Түркияның Анталия қаласында өткен Мәдениет, ғылым және білім мәселелеріне қатысты Еуразия кеңесінің ІІ отырысында «Бірлестіктер, ұлттар мен халықтарды тұрақты дамыту мақсатында туристік қызығушылық тудыратын нысандарды анықтау» Конвенциясы қабылданған болатын. Осы Конвенцияны жүзеге асыру үшін «туризмді тұрақты дамыту және туристік қызығушылық тудыратын нысандарды анықтау мәселелерін» қарастыратын Халықаралық комитет құрылған еді.

Халықаралық комитеттің қызметі әлемдік деңгейде, тәуелсіз, ешбір үкіметке бағынбай, саясаттан тыс жүргізіледі. Бастапқыда Халықаралық комитет мүшелігіне 15 мемлекет тіркелсе, кейін мүшелікке 24 мемлекет қатысты. Комитет халықаралық тәуелсіз эксперттер ұсынған нысандардың арасынан таңдаулы туристік орындарды дауыс беру арқылы анықтайды. Анықталған «таңдаулы туристік орындардың әлемдік тізімін» worldlist.travel сайтынан көруге болады.

Таңдаулы туристік орындар тізіміне тарихи мекендер, табиғат құбылысынан пайда болған ерекше жерлер мен сәулет өнерінің ғажап туындыларымен қатар рухани маңызы бар нысандар да енгізіледі. Айталық, аталмыш тізімге Қазақстаннан «Нұр Астана» орталық мешітінен бөлек Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Үлкен Алматы көлі, Шарын шатқалы мен Тамғалы тас енгізілген.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð½Ò±Ñ Ð°ÑÑана меÑÑÑÑ

0 пікір
Мұрағат