Вандалдар енді мұсылмандардың үйіне шабуылдай бастады
Вандалдар енді мұсылмандардың үйіне шабуылдай бастады
10 жыл бұрын 3403

2001 жылы Босниядан Америкаға қоныс аударған Хасиба Сейфович есімді мұсылманның үйі айдың-күннің аманында вандалдардың кесірінен өртеніп кетті. Бір жақсысы, Хасиба Сейфович отбасымен қала сыртында болатын. Өздері өрттен аман қалғанымен баспанасынан бір-ақ күнде айырылып қалды. Үйдің өрттен аман қалған үйіндісінен бұған вандалдардың қатысы бар екендігі белгілі болды. Өйткені, үйіндінді исламға қарсы графиттимен айғыздалған. Осы оқыс оқиғаға байланысты билік орындары мен мұсылман жамағатының жетекшілері вандалдардың кім екенін анықтаған адамға 10 мың доллар сыйақы беретіндерін жария етті. Herald Tribune ақпарат көзі хабарлағандай, Америка-ислам қатынасы жөніндегі кеңестің атқарушы директоры Ахмет Бәдір осы: «Шабуыл жасаған қорқақтарды қолға түсіруге көмектесетін кез келген ақпарат үшін 10 мың доллар сыйақы ұсынамыз»,- деп мәлімдеді. Билік өкілдері де вандалдардың тағылық әрекетін айыптап отыр.

Исламға қаны қас вандалдар мешіттерді, мұсылман мазарларын былай қойып, енді мұсылмандар үйіне тікелей шабуыл жасай бастады. Бұл қауіпті үрдістің осы бастан алдын алмаса болмайды. 

0 пікір
Мұрағат