Қызтекелерге әскерде орын жоқ
Қызтекелерге әскерде орын жоқ
2 жыл бұрын 709

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасында депутаттар қызтекелерді отан алдындағы борышын өтеуге шақыруды тоқтатуды әрі оларды баламалы азаматтық қызметке алуды ұсынды. Тиісті заң жобасын әзірлеу мәселесі алдағы жақын күндері мемлекеттік думаның қорғаныс істері жөніндегі комитетте талқыланып қалуы мүмкін. Бұл жайында «Известия» басылымы хабар таратты. Бүгінгі таңда Ресей Федерациясы аумағында саны аз байырғы ұлт пен ұлыс өкілдері, сондай-ақ, наным-сенімі әскери қызметке қайшы келетін тұлғалар баламалы азаматтық қызметке бару құқығына ие. Мемдуманың қорғаныс істері жөніндегі комитеттің мүшесі Игорь Зотовтың сөзіне қарағанда, мұндай қадам қызтекелердің өмірін жеңілдетіп, әскер қатарындағы сарбаздарға олардың теріс ықпал етуіне жол бермейді. Десе де, сарапшылардың кейбіреуі әскер қатарына барғысы келмейтіндер үшін бұл баламалы қызмет «тығылатын» жерге айнала ма деп қауіптеніп отыр. Жасыратыны жоқ, батыс елдерінде әскер қатарында сарбаздарды зорлап кету оқиғалары орын алған болатын. Қауіп қайдан дерің бар ма?

0 пікір