Үндістанның қажы әйелдерін тамақ жасаудан босатты
Үндістанның қажы әйелдерін тамақ жасаудан босатты
10 жыл бұрын 3659

Үндістанның қажылық комитеті (HCI) қасиетті сапарға шыққан өз елінің қажыларын 8 күн бойы тегін тамақтандыруды қолға алмақшы. Сауд Арабиясының кез келген түкпірінде. Мұндай шара әйел қажылардың қазан көтеруден қолы тимейтіндіктен Алла алдындағы парызын ойдағыдай атқара алмауы себепті қолға алынып отыр. Үндістанның мемлекеттік қажылық комитетінің хатшысы Гүжарат Осман Пателдің айтуынша, бұл мәселе әйелдердің талап-тілегіне орай көтерілген. Оның үстіне, мейрамханалардағы тағамдардың бағасы қымбат болғандықтан оны екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Әрі ондағы ас мәзірінің үнділердің талғамына сай келе бермейтінін алға тартып отыр.  

0 пікір
Мұрағат