Бұлғарияда да исламофобия белең алып келеді
Бұлғарияда да исламофобия белең алып келеді
2 жыл бұрын 978

Бұлғарияның бас мүфтиі Ахмет Аптуплов елде исламофобиялық құбылыстың белең алып келе жатқанына алаңдаушылық білдірді. Бас мүфтидің алаңдайтын да жөні бар: осыдан ширек ғасыр бұрын коммунистік режим үстемдік етіп тұрған кездің өзінде мұсылмандар мен олардың құлшылық ететін орнына шамамен 250 мәрте шабуыл жасалған екен. Тек 2012 жылы мұндай келеңсіздік он екі рет қайталанған көрінеді. Соңғысы тарихы тым тереңде жатқан Karaja Pasha Mosque мешітінде орын алған. Осыдан алты жыл бұрын Nevrakop деп аталатын оңшыл топтың мүшелері мешіттің қабырғасына айшықты бейнелеп, айғыздап кеткен болатын. Онымен қоймай, вандалдар Бұлғария аумағындағы ел билігінен барлық мешітті жауып тастауды талап еткен еді. 7,5 млн тұрғыны бар бұл елде 1,5 млн-дай мұсылман жамағаты өмір сүреді. Дені Османлы қағанаты кезінде осы өлкеге қоныс аударған түрік ағайындар. 

0 пікір