Аляскіде алғашқы мешіт бой көтерді
|

Американың Аляскі штатында негізінен ислам елдерінен келген иммигранттардан тұратын жергілікті мұсылман жамағатының аздығына қарамастан алғашқы мешіт ашылды. Қары қалың, қысы қатал өлкеде ашылған мешіттің күмбезі жоқ. Себебі, климаттың ерекшелігі ескерілген. Мешіттің сәулетші, америкалық MIIM Designs компаниясының негізін қалаушы Мәриям Ескендір әлемге әйгілі Гарвард университетінің және Массачусет технологиялық институтының түлегі, сәулет саласында көптеген марапатқа ие. Ол осы заманғы мешіт экологиялық жағынан тиімді болуы керек деп есептейді. Яғни, суды, жарық пен жылуды барынша үнемдеуге мүмкіндік беретін «жасыл» технологияны кеңінен енгізуді жақтайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар

■
АҚШ басылымы: Қытай Қазақстанға бейнекамера орнату арқылы бақылауды күшейтуде

■
Әлемдегі ең ірі ядролық держава – ол Қытай емес, АҚШ емес немесе Ресей де емес, басқа ел...

■
Қан анализіне қарап, адамның қаншалықты ғұмыры қалғанын анықтауға болады

■
Түріктердің жұмсақ күші өз нәтижесін бере бастады (видео)

■
Мұсылмандарға құрмет көрсетіп, «Крест жорығы» атауын өзгертті