Үнді мұсылмандары қасиетті сапарға кемемен аттанады
Үнді мұсылмандары қасиетті сапарға кемемен аттанады
6 жыл бұрын 2094 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы мен Үндістан тиісті құзырлы органдар қажыларды қасиетті мекенге кемемен жөнелту, дәлірегі, 22 жыл бойы тоқтап қалған кеме қатынасын қайта жолға қою турасында келісімге келді. Бұл жайында Al Arabia ақпарат көзі хабар таратты. Бұл шара мұсылман саны жағынан әлемде екінші ел атанған Үндістан мұсылмандарына елеулі оқиға болайын деп тұр. Айта кетейік, қажыларды кемемен тасымалдау 1995 жылы тоқтап қалған болатын. Ендігі жерде үнді қажылары кемемен екі-үш күнде қасиетті мекенге жете алатын болды. Ең бастысы, жол шығыны 50 пайызға дейін қысқармақ. Бұл өз кезегінде қасиетті сапарға аттануға қалтасы көтермейтіндер үшін үлкен жеңілдік. 

0 пікір
Мұрағат