Ислами жәдігерлер музейі ашылды
Ислами жәдігерлер музейі ашылды
6 жыл бұрын 2485 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі елдегі туризм саласын дамыту үшін бірқатар шаралар атқарып жатыр. Дәлірегі, туристерді тарту мақсатында шетелдіктерге виза беруді жеңілдетіп қана қоймай, алдағы уақытта шетелдіктер үшін арнайы курорт ашуды жоспарлап отыр, бұған қоса, жасы 25-тен асқан әйелдердің ер-азаматтарды ертпей келуіне рұқсат беріп отыр. Туризмді дамыту үшін елдің ерекшелегіні танытатын, оның көбісі ислам дінімен байланысты шараларды да қолға алып жатыр. Солардың бірі аталған елдің туризм және ұлттық мұра жөніндегі комитеті жекеменшік музейлерге лицензия беріп жатыр. Жуырда қасиетті Мәдина қаласында ислами жәдігерлерді жұртшылықтың назарына ұсынатын музей ашылды. Дар әл-Мәдина музейіне қойылған жәдігерлер Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өнегелі өмірінен, аталмыш қаланың тарихынан сыр шертетін әрі ислам өркениетінен хабар беретін музей. Аталған мәдени мекеменің атқарушы директоры Хасан Тахер (Hassan Taher) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмірінің елеулі кезеңдерінен хабар беретін әрі ислами жәдігерлер туралы кеңінен мағлұмат беретін арнайы мамандандырылған әлемдегі тұңғыш музей екенін мақтанышпен жеткізді. Бұл музей тек көрме өткізіп қоймай, сонымен қатар, тақырыпқа сай семинарлар мен дәрістер өткізбек. Музей меймандарына төрт тілде қызмет көрсетіледі, атап айтқанда, ағылшынша, арабша, түрік және урду тілдерінде.

0 пікір
Мұрағат