2020 жылы ислам мәдениетінің астанасы қай қала болмақ?
2020 жылы ислам мәдениетінің астанасы қай қала болмақ?
6 жыл бұрын 3343 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ислам ынтымақтастық ұйымының кезекті жиынында бірауыздан қабылданған шешім бойынша 2020 жылы ислам мәдениетінің астанасы болып өзбектердің Бұхара қаласы жарияланды. Бұл жайында Өзбекстанның мұсылмандар діни басқармасы мәлім етті. Айта кетейік, исі мұсылманның ең ірі ұйымы географиялық лорналасуына қарай үш жылда бір ислам мәдениетінің астанасын жариялап отырады. Мұндай мәртебеге ие болған қала ислам мәдениетін және осы заманғы мұсылмандардың келбетін танытатын мәдени шараларды өткізуге міндетті. Неге Бұқара қаласы таңдалды немесе мұсылман сарапшыларының таңдауы неге осынау тарихи әрі көне қалаға түсті? Бұхара Орта Азиядағы исламның адтын бесігіне айналған, мұсылман ғалымдары көптеп шыққан, медреселерінің көптігімен аты шыққан әйгілі қала. Оның үстіне, ислам әлемінде Бұхараға «Ислам күмбезі» деген тағы бір атау берілген. 

0 пікір
Мұрағат