Тыйым салынған химикаттар тізімі толықтырылуы мүмкін
Тыйым салынған химикаттар тізімі толықтырылуы мүмкін
6 жыл бұрын 3421 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей химикаттар тізімі келтірілген химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияға қосымша өзгерістер енгізуді ұсынды. Тыйым салынған химиялық қару жөніндегі ұйымдағы ресейлік делегация аталған ұйымның атқарушы кеңесінде осындай ұсыныс білдірді. «Тыйым салынған химиялық қару жөніндегі ұйымның бас директоры химикаттар тізіміне өзгерістер енгізуді қарастыратын шешімнің жобасын ұйымның атқарушы кеңесінің қарауына әзірлеп ұсынуы тиіс»,- деп мәлімдеді ресейлік өкілдер. Мұндай ұсыныс білдірушілер өздерінің осындай қадамға неліктен барғанын «соңғы 20 жыл ішінде конвенция мақсатына қауіп төндірген улы заттарға қатысты ғылыми жарияланымдардың көбеюін ескеру» қажеттігімен байланыстырып түсіндірді.

0 пікір
Мұрағат