Жан басына шаққанда су тапшылығына қатты ұшыраған Орта Азия елі
|
Біріккен Ұлттар ұйымы Орта Азия елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде баяндама жариялады. Тарқатып айтқанда, БҰҰ-ның Азық-түлік және Ауыл шаруашылық ұйымы келтірген дерекке қарағанда, ең ауыр жағдай Тәжікстанда орнаған. Аталған елде 2,6 млн-нан аса адам тойып тамақ ішпейді. Одан кейінгі орында Өзбекстан тұр – 1,9 млн адам ашқұрсақ өмір сүреді. Үшінші орынға Қырғызстан жайғасқан – 400 мың адам. Ал төртінші орынға Түркіменстан табан тіреген – 300 мың адам. Аталмыш баяндамада, сонымен қатар, аймақтағы су ресурсына қатысты мәлімет те келтірілген екен. Сарапшылардың пайымдауынша, су ресурсына ең мұқтаж ел Өзбекстан болып шықты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды