Түркияда адам құқығы жаппай бұзылуда
Түркияда адам құқығы жаппай бұзылуда
6 жыл бұрын 4136 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркиядағы адам құқығының бұзылуы жаппай сипат алған. Бұған 2016 жылдың шілде айында аталған елде орын алған, сәтсіз аяқталған мемлекеттік төңкеріске байланысты енгізілген төтенше жағдай режимінің ұзартылуы да өз әсерін тигізген. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссар кеңсесінде жасалған баяндамада айтылған. Баяндамада айтылғандай, Түркиядағыадам құқығының бұзылуы жұмыстан қуу немесе шеттету, бас бостандығынан айыру немесе шектеу, сөз бостандығын тұншықтыру, т.б. көрініс тапқан. Мұндай репрессиялық шаралар өз кезегінде Түркияның әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсерін тигізеді және мұның әсері ұзақ уақытқа созылады. Түркия билігін құқық борғаушылар халықаралық міндеттемелерді аяқ асты етіп отырғаны үшін айыптап отыр. Мемлекеттік төңкеріспен байланысты жұмысынан қуылғандарды немесе басқалай жолдармен қудаланғандарды есептемеген күннің өзінде тұтқындалғандар, яғни, абақтыға жабылғандар қарасы елу мыңнан асып кеткен. Бұл белгілісі. Кейбір дерек көздерінде бұдан да көп екені айтылып жүр.

0 пікір
Мұрағат