Ресей ұшағы босқындар лагерін бомбалап, жазықсыз адамдар опат болып жатыр
Ресей ұшағы босқындар лагерін бомбалап, жазықсыз адамдар опат болып жатыр
6 жыл бұрын 4575 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей авиациясы деэскалация аймағына кіретін Идлиб провинциясының оңтүстігінде орын тепкен Хас елді-мекеніндегі босқындар лагерін бомбалаған. Әуе соққысының нәтижесінде 10 бейбіт тұрғын қаза тауып, 15 адам жарақат алған. Түрлі деңгейде. Бұл жайында түріктердің "Анадолы" ақпарат агенттігі сириялық оппозиция өкілі Әбу Раелге сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Сириялық оппозиция өкілінің айтуынша, ресейлік Су-24 ұшағы Лазкидегі Хмеймим авиабазасынан ұшып шыққан. Бұл ұшақ аталған босқындар лагеріне екі бомба тастаған. Азаматтық қорғаныс басқармасының жетекшісі Мұстафа қажы Иүсіптің сөзіне қарағанда, лагер түнгі уақытта бомбаланған. Аталған ақпарат көзінің келтірген дерегі бойынша соңғы он күн ішінде Идлиб және Хама провинцияларындағы елді-мекендерге жасалған әуе соққысынан 31 адам опат болып, 66 бейбіт тұрғын жарақат алған. 

 

0 пікір
Мұрағат