Ресей ықпалына қарсы қыруар қаржы бөлді
Ресей ықпалына қарсы қыруар қаржы бөлді
6 жыл бұрын 3007 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ конгресі 2018 жылға арналған бюджет жобасын қарастырып жатыр. Онда ресейлік ықпалға қарсы тұру мақсатында 250 млн доллар бөлінбек. Бұл қаржының бір бөлігі Еуропа мен ЕураАзиядағы құқық қорғау органдары мен қауіпсіздік күштерінің мүмкіндіктерін ұлғайту бағдарламасына, сондай-ақ, АҚШ пен НАТО және Еуропа, ЕураАзия елдерінің қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға жұмсалады. Бұдан бөлек, Ресейдегі демократияны нығайту бағдарламасына да қаржы қарастырылады. Конгресс Ресей Федерациясына қаржылай көмек көрсетуге, т.б. тыйым салып отыр.

0 пікір
Мұрағат