Түркия ұшақтарының моторынан табылған арабша жазулар түріктерді састырды (ФОТО)
Түркия ұшақтарының моторынан табылған арабша жазулар түріктерді састырды (ФОТО)
10 жыл бұрын 8442

Ыстамбұлдың Ататүрік әуежайында 4 ұшақтың моторынан арабша жазылған қағаздар табылды. Бұл жайында «AirportHaber» сайты хабарлады. ИСИМ мен күрт проблемасы ушығып тұрған шақта бұл жазулар түріктерді қатты састырды.

Қазанның 12-сі күні Алманияның Нюрнберг қаласына ұшқалы тұрған Түрік әуе жолдарына тиесілі ұшақтың моторынан арабша жазуы бар қағаз табылды. Ұшақты ұшуға әзірлеп жатқан қызметкерлер бұл жазулар жайында дереу орталыққа хабарлайды. Ататүрік әуежайының қауіпсіздік қызметкерлері де бұл жазуларда не жазылғанын, кімнің және қандай мақсатта жазғандарын анықтау жұмыстарына кіріседі. Анықтау барысында мұндай жазулар тағы да үш ұшақтан шығып, түріктерді одан сайын қорқыта түседі.

Алайда, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бұл арабша жазулардың ешқандай да қорқынышты дүние емес екеніне көз жеткізеді. Мотордан табылған жазулар бар болғаны «берекет дұғасы» болып шыққан.

Әуежайдың қауіпсіздік қызметі бұл жазуларды моторға кімнің жабыстырғанын камералардан іздеп көрді. Алайда, ұшақтардың тұрған жерінде камералар болмай шыққан. Сондықтан да, бұл дұғаларды кімнің жабыстырғаны анықталмады. 

 

2 пікір
  • Түріктер кайда барсада, кайда (ушсада) БЕРЕКЕТ дъугасын тастамайды.. осындайда берекет берсiн, берекет мол болсын дейсiн го)))
    10 жыл бұрын
  • Bir bet kagazda ne tur eken sonsha korkatin!!!Rabbim adamdardin Isalmga degen tusinigin arttir!!!!!
    10 жыл бұрын
Мұрағат