Сахадан табылған біртүрлі мамонт
Сахадан табылған біртүрлі мамонт
10 жыл бұрын 3952

Саханың Новосібір архипелагының Ляхов аралын кезген экспедиция жетекшісі Семен Лазарев етінен қызылы қашпаған зіл (мамонт) тауып алғандарын жария етті.  Ғалымдар мамонттың  тісін санап, олардың шамамен 50-60 жыл тіршілік еткенін анықтады. Оның денесінің бұзылмай сақталуына мұз шомбалы әсер еткен. Тундраның қақ ортасынан табылған мамонттың тіпті денесінен ажыраған бөліктері де, Цельсия бойынша 7-10 градсута қатпаған қан іздері де ғалымдарды қайран қалдырып отыр. Ғалымдардың айтуынша, қанның бұл ерекшелігі оның криопротекторлық құрамына байланысты болуы мүмкін. Десе де, әлі де зерттей түсуді қажет етеді. 

0 пікір
Мұрағат