Тезектен жасалған отынмен жүретін автобус рекорд жаңартты
Тезектен жасалған отынмен жүретін автобус рекорд жаңартты
9 жыл бұрын 3397

Британияда Bus Hound автобусы жолаушылар автобусы арасындағы жылдамдық рекордын жаңартты. Ол сынақ барысында сағатына 123,5 шақырым жерді жүріп өткен. Бұл жайында nur.kz порталы epochtimes.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Автобус сиыр тезегін бактериялармен өңдеу арқылы алынатын биометан отынының көмегімен жүреді. Өңдеудің соңғы сатысында ол сұйытылған газға айналып, автобус төбесіндегі бактарға құйылады.

Bus Hound – экологиялық жағынан таза көлік. Себебі, оны жүргізу үшін жанармай да, табиғи газ да қолданылмайды.

Бастапқыда сынақты өткзіушілер автобус белгіленген арақашықтықты сағатына 90 шақырым жылдамдықпен игереді деп болжаған екен.

Ал Ұлыбританияның Бристол қаласында қатынайтын PooBus автобусы адамның өмір тіршілігі қалдықтарынан алынған биометан отынымен жүреді екен.

0 пікір
Мұрағат