Ауыл имамы қамқорлығына алған жеті жетім балаға тегін жолдама берілді
Ауыл имамы қамқорлығына алған жеті жетім балаға тегін жолдама берілді
2 жыл бұрын 623

Ақмола облысындағы Кенесары кентінде тұратын ауыл имамы Мұрат Қабылбаевтың Бурабай ауданындағы «Ақкөл» балалар үйінен жеті жетімді (есімдері – Николай, Оксана, Нина, Болат, Төлеген, Темірлан, Аделя) асырап алғанына 3 жылдан асты. Үшеуі – орыс ұлтынан. Бірақ олар өздерін елдің нағыз патриоттары санайды. Қазақ тілінде еркін сөйлейді, өйткені, қазақ мектебінде оқиды.

Ауыл имамының осынау сауапты жұмысынан хабардар болған Ақмола облысы Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Мұхитдин Бекболатұлы жетім балаларға 2015 жылдың 1 маусымынан бастап 20 күнге тегін жолдама берді.

«Біз жұмыс барысында қайырымдылық жобаларға көп көңіл бөлеміз. Бізге келетін балалардың арасында мүмкіндігі шектеулі, зағиптар, жетімдер көп. Қайырымдылық жасау – барша адамның ортақ парызы», – дейді балалар орталығының директоры Мұхитдин Төлепбай.

Мұрат имам директордың бұл қайырымды ісіне ризашылық білдіріп, 1-2 айдың көлемінде тағы да қосымша үш жетімді қамқорлығына алу ниеті барын жеткізді. 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

0 пікір