Мектеп оқушылары «ақылды смартфон» ойлап тапты
Мектеп оқушылары «ақылды смартфон» ойлап тапты
2 жыл бұрын 567

Түркиялық мектеп оқушылары көру қабілеті нашар адамдарға арналған «смартфон-таяқ» ойлап тапты. Бұл жайында «ummet.kz» сайты түріктердің «Аnadolu» басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Оқушылардың өнертабысы сенсорлы телефон мен аккумулятор арқылы іске асырылады. «Ақылды таяқ» смартфонға бекітілген дауысты навигация арқылы адамның қай жерде тұрғанын дәл анықтап береді. Ең маңыздысы - сенсор жол бойында кездесетін кедергілерді алдын ала хабарлап отырады, ал аккумулятор осы үрдістің тоқтамай жұмыс істеуіне көмектеседі.

«Аталмыш смартфонның тағы бір артықшылығы – бағасы қол жетімді, яғни көпшіліктің қалтасы көтерерлік деңгейде. Егер Кеңес мүшелері біздің жобамызға материалдық жағынан қолдау көрсетер болса бұл өнертабысымызды одан әрі де жетілдіре түсеміз» дейді Берат Караджа есімді оқушы.

Чанкыры қаласының 5 сынып оқушылары Берат Караджа, Салих Чименоглу мен Экрем Хактаныян ғылыми жетістіктеріне 5 ай ішінде қол жеткізген. Енді олар бұл смартфонды Түркия ғылыми-технологиялық зерттеулер Кеңесі жәрмеңкесіне ұсынып отыр.

«Біз осы жобаны мақсатты түрде қолға алдық. Себебі күн сайын қаламыздан зағип жандарды жиі көреміз. Ал олардың жүріп-тұруында көптеген қиыншылықтар бар. Бағандар мен ағаштар, өзге де кедергілер олардың өміріне қауіп төндіреді. Біз отандастарымыздың өмірін жеңілдеткіміз келеді» дейді оқушы Салих Чименоглу.

ummet.kz-ақпарат

0 пікір