Теледидарлар көрерменнің өзара айтқанын жасырын тыңдайтын болып шықты
Теледидарлар көрерменнің өзара айтқанын жасырын тыңдайтын болып шықты
9 жыл бұрын 4002

Халық арасында кең қолданысқа ие Samsung smart TV оны көріп отырған көрерменнің экран алдында айтылған әңгімелерін үшінші біреулерге жеткізетін болып шықты. Бұл жайында 24kz арнасы хабар таратты.

Бұл теледидарды көрген кезде пультті қолданбай, оған дауыс арқылы бұйрық беріп, каналдарды ауыстыратындарға қатысты жаңалық.

Independent.co.uk сайтының хабарлауынша, Samsung компаниясының жаңа саясатына сәйкес жасалған техникалық қадам бұйрықтарды неғұрлым тезірек орындатады. Себебі ғаламторға қосылып тұрған теледидар иесінің ауызша бұйрығын "ести салысымен" ақпаратты тиісті сұрау түрінде серверге жіберіп, одан келген жауаптағы бұйрықты жылдам орындайды.

Қазір бұл жәйт тұтынушылардың ашу-ызасын туғызып, мәселе ғаламторда қызу талқыға түсуде.

Осы ретте компания өз Samsung теледидарынан келіп жеткен дауыс жазбасының сақталмайтынын және оның ешкімге сатылмайтынын мәлімдеді.

 

0 пікір
Мұрағат