Діннен бас тартқан адам өлім жазасына кесілетін болды
|
Сауд Арабиясында дін бас тартқан ер азамат өлім жазасына кесілді деп хабарлайды The Daily Mail. Сонымен қатар, оған Құдайға тіл тигізді деген айып та қоса тағылып отыр. Айыпты 2014 жылы қамауға алынған болатын.
Хафр әл-Батин қаласының тұрғыны қасиетті Құран кітабын жыртып, оны аяғымен таптаған. Мұнысымен қоймай, бұл әрекетін бейнекамераға түсіріп, интернетке орналастырыпты. Аталған бейнежазбада ол Құдайға, Мұхаммед пайғамбарға және оның қызы Фатимаға тіл тигізген.
Айта кетейік, Сауд Арабиясында өлім жазасы халықтың көзінше орындалады. Тұрғындар жиналған алаңға айыптыны алып шығып, жендет оның басын шабады.
Шариғатқа негізделген елдің заңы бойынша сиқыршылықпен, дінге тіл тигізумен айналысқан адамдар да ауыр жазаланады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды