Татарстанда түркі халықтары тілшілерінің құрылтайы өтеді
Татарстанда түркі халықтары тілшілерінің құрылтайы өтеді
9 жыл бұрын 3050

Үстіміздегі жылдың мамыр айының 26-29 күндері аралығында Татарстан астанасында түркі халықтарының II-ші құрылтайы өтеді. Бауырлас халықтарды жақындастыруға септігін тигізетін бұл шараға түркі әлемі тілшілерінің бүкіл әлемдік федерациясы ұйытқы болып отыр. Мұның алдындағы құрылтай өткен жылы Түркияның Ескішаһар елді-мекенінде өткен болатын. Аталмыш шара аясында түркі әлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне арналған үстелбасы сұһбаты, семинар, т.б. жиындар өтеді. Қазан қаласындағы осынау маңызды шараға түркі елдерінен 60 делегат қатысады. Сондай-ақ, Еуропаның бірқатар елдерінен, АҚШ-тан арнайы меймандар келеді.

 

Рамазан айының құрметіне ерекше хабарлар таратылады

«Шарж әмірлігінің медиа-корпорациясы» штаб-пәтерінде өткен баспасөз жиынында келе жатқан қасиетті Рамазан айының құрметіне орай медиа-корпорациялардың ерекше 46 хабар тарататыны айтылды. Бұл хабарлар үстіміздегі жылдың мауысм айының орта шенінен бастап, Sharjah TV, Sharjah Channel 2, Sharqiya TV телеарналарынан, сондай-ақ, Sharjah Radio радиостансасынан таратылады. Аталмыш шара жұртшылыққа қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті мен мән-маңызын түсіндіру, әлеуметтік жауапкершілік, адамгершілік, т.б. құндылықтарды насихаттау мақсатында қолға алынады.

0 пікір
Мұрағат