Мұсылмандардың көбеюіне шектеу енгізілді
Мұсылмандардың көбеюіне шектеу енгізілді
9 жыл бұрын 2917

Мьянма билігі «көп бала табады» деген желеумен осы елдегі азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандарға мәжбүрлеп шара қолдануы мүмкін, нақтырақ айтқанда, контрацепция туралы заң қабылдануы ықтимал. Адамшылыққа жат аталмыш заң жобасын буддашыл радикалдар ұсынған. Олар рохиньялық мұсылмандардың көбейіп кетуінен қауіптеніп отыр. Мьянма президенті қол қойған заңға сәйкес 14 штаттың билігі бала табудың мерзімін шектеп, 3 жылға бір баладан ғана перзент рұқсат етілетін болды. Бұл жайында «The Guardian» ақпарат көзі хабар таратты. Буддашыл радикалдардың бұл бастамасы халықаралық қауымдастық тарапынан қатаң сынға ұшыраса да, айылын жияр емес.

0 пікір
Мұрағат