Солтүстік Корея билігі ядролық қарудан қандай жағдайда бас тартатынын мәлімдеді
Солтүстік Корея билігі ядролық қарудан қандай жағдайда бас тартатынын мәлімдеді
7 жыл бұрын 2758 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ядролық қару мен баллистикалық зымыраннан Солтүстік Корея қорғану мақсатында бас тартпайтынын мәлімдеді. АҚШ тарапынан қауіп төніп тұрған жағдайда ядролық қарудан бас тарту мүмкін еместігін жеткізді Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Солтүстік Кореяның тұрақты өкілінің орынбасары Ким Ин Рен. Десе де аталған ел әлем бойынша ядролық қаруға толық тыйым салуды қолдайды. Алайда, АҚШ мұндай жойқын қаруға ие болып отырғандықтан, шілде айында қабылданған ядролық қаруға толық тыйым салу жөніндегі конвенцияға қосылмайды. БҰҰ жанындағы Солтүстік Кореяның тұқрақты өкілінің орынбасары осылай дей келе АҚШ-тың барлық аумағы Солтүстік Корея тарапынан қарауылға алынғанын, Солтүстік Кореяға шабуыл жасалған жағдайда америкалықтардың бұл әрекеті жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді. 

0 пікір
Мұрағат