Әлеуметтік желідегі пікірі үшін қанша қазақстандық түрмеге қамалды?
Әлеуметтік желідегі пікірі үшін қанша қазақстандық түрмеге қамалды?
7 жыл бұрын 3358 7kun.kz ibtimes.co

2017 жылдың басынан бері 20 қазақстандық әлеуметтік желідегі пікірі үшін сотқа тартылды. Оның ішінде 16-сы бас бостандығынан айырылған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәліметінше, Қазақстанның біртұтастығын мен тұтастығын бұзғаны үшін бір құқық бұзушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы 15 азамат Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотталды. Олар терроризмді насихаттағаны үшін немесе террористік шабуыл жасауға шақырғаны үшін кінәлі деп танылып 2 жылдан 9 жылға сотталды. Заңды бұзған екі азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша, әлеуметтік, рулық, ұлттық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін бас бостандығынан шектелді.

Әлеуметтік желіде билік өкіліне тіл тигізген қазақстандық азамат 227 мың теңге айыппұл төлеген.

0 пікір
Мұрағат