Башқұрттар да бас көтере бастады (видео)
Башқұрттар да бас көтере бастады (видео)
7 жыл бұрын 9856 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Башқұрттар да орыс отаршылдығына қарсы бас көтере бастады. Алдымен шешендер, содан кейін татарлар, енді міне, башқұрттар да ұлттық санасы оянып, ұлттық кемсітушілікке наразылық білдіруге көшті. Башқұрт тілін ресупблика мектептерінде оқытуды қорғау қозғалысы кеңінен қанат жайып, жалпы ұлттық сипат алып келеді. Таяуда ғана, дәлірегі, қазан айының 8-і күні Сибай қаласының орталық алаңында 500-ге тарта адам жиналып, өз талаптарын жария етті. Атап айтқанда, республиканың мемлекеттік қызметіне тұрғысы келетіндерге башқұрт тілінен емтихан тапсыруды, яғни, башқұрт тілін білуді, республика аумағындағы барлық аса ірі кәсіпорындарды, соның ішінде Орал тау-кен комбинатынан бастап нациолизалциялауды, сондай-ақ, ұлттық бірыңғай тестілеуді башқұрт тілінде тапсыруды, т.б. талап етті. Ресейлік күштік құрылымдар наразылық шеруіне шыққандардан алты адамды тұтқындап әкеткен болатын. 

 

0 пікір
Мұрағат