Шегірткеге қарсы үйректі салады
Шегірткеге қарсы үйректі салады
4 жыл бұрын 2176 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай соңғы 20 жылда болмаған шегірткелер үйіріне төтеп беруі үшін Пәкістанға 100 мың үйрек беріп көмектесіп жатыр. Қарақұрым шегіртке үйірі жолында кездескенін жайпап, Пәкістанның оңтүстігінде арпа, мақта, т.б. егістікті жойып үлгерді. Тіпті, елдегі ең ірі қаласы саналатын Караши шаһарына да ұшып келген еді. Мұндай жағдай өткен ғасырдың 60-шы жылдары орын алған болатын. Пәкістан билігі мен халқы енді Қытайдан келетін үйректерге үміт артып отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, шегірткемен тиімді күресу үшін үйректен асқан құс жоқ, яғни, шегірткені улап көзін жою үшін химиялық заттарды қолданып, адамға да, қоршаған ортаға да зиян тигізудің қажеті болмайды. Әрі арзанға түседі. Бір үйрек күніне 200 шегірткені қорек етсе, тауық ары кетсе, 70 шегірткенің ғана көзін жоя алады. Бұдан бөлек, үйректер тауық сияқты емес, үйірімен жүреді. Бұл да шегірткемен күресте көп көмегін тигізеді. Қытай да зиянкестерден көресіні көрген ел. Шегірткемен күресте әжептәуір тәжірибесі бар ел. Барлық тәсілді қолданғанымен үйректен артық көмекшіні таппаған еді. Мәселен, 2000 жылы ел аумағындағы аудандардың біріне 30 мың құсты шегірткеге қарсы салып, зиянкестердің бетін қайтарған болатын.

0 пікір
Мұрағат