Қоғамдық көлікті тегін еткен әлемдегі ең тұңғыш ел
Қоғамдық көлікті тегін еткен әлемдегі ең тұңғыш ел
4 жыл бұрын 1930 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Люксембург қоғамдық көлікті алғаш рет тегін ету арқылы тарихта өз қолтаңбасын қалдыратын болды. Бұл ереже тек ел тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар, осы елге келген туристер мен меймандарға да қатысты. Ксавье Беттел жетекшілік еткен Коалициялық үкіметтің шешімі бойынша бұдан былай автобустар мен трамвайларда, пойыздарда жолақы алу тоқтатылады. Аталған ел билігінің мұндай мәрт қадамға баруына кептеліс түрткі болған. Люксембург халқының саны 614 мың адамнан аспайды. Оның 110 мыңы – ел астанасында тұрады. Бұдан бөлек жүз мыңдаған адам аталған елге көрші елдерден келеді. Жұмыс істеп, нәпақа табуы үшін. Осынша адам аталған шағын елдің аумағын кептеліспен «сал» қылып тастайды. Бұл жобаның құны жылына 41 млн еуроны құрайды. Бұл қаражаттың орны салық есебінен толтырылатын болды. Бұрын бұл елде мектеп оқушылары қоғамдық көлікпен тегін жүретін. Эстония астанасы – Таллин қаласының тұрғындары үшін қоғамдық көлік тегін. Сондай-ақ, Францияның солтүстігінде орын тепкен Дюнкерк қаласының да қоғамдық көлігі 2018 жылдан бері тегін.

0 пікір
Мұрағат