Шартарап: Бүлдіршіндерге арналған халал тағам пайда болды
Шартарап: Бүлдіршіндерге арналған халал тағам пайда болды
9 жыл бұрын 3490

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аумағында тұңғыш рет «Habibi» белгісі соғылған, бүлдіршіндерге арналған халал тағам пайда болды. Құрамында көкөніс, жеміс-жидек және өсімдер мен ет өнімдері бар бұл тағамды Марокканың AGRO FOOD INDUSTRIE компаниясы шығарған. Аталмыш кәсіпорын осы заманғы құралдармен және құрылғылармен жабыдқталған, ал зертханасы тағам құрамына кіретін шикізатты өндірістің барлық сатысында мұқият әрі жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді. Шариғат талаптарына сай балалар тағамын өндіретін компания сарапшылары кәсіпорынның өзіндік ерекшелігіне қарай қатаң кадрлық іріктеуден өтеді. 

 

Рамазан айында мұсылмандар еңбек демалысына шығады

Швеция астанасы – Стокгольм қаласының маңындағы қарттар үйінің басшылығы үстіміздегі жылдың наурыз айынен бері өз мекемесінде жұмыс іістейтін мұсылман қызметкерлерін қасиетті Рамазан айында алаңсыз ауыз бекітуі үшін еңбек демалысына жіберуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы Скандинавия елдерінде ең ұзақ күндерге тұспа-тұс келеді екен. Қарттар үйінің басшылығы осыны да ескеріп отыр.

 

Хиджаб киген тұңғыш өрт сөндіруші (ФОТО)

Muslim.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, 18 жастағы Ахлам Ахмед Нью-Йорк қаласының өрт сөндірушілер бригадасының мүшесі болуды армандайды. Асыл арманына жету жолында ол өрт сөндіру барысында кездесетін қиындықтарға мойымайтынын айтады.
Иеменде туылған Ахлам – Өрт сөндіру департаментінің академиясына қабылданған 60 әйелдің ішіндегі ислам дінін ұстанатын жалғыз жаулықты. Сынаққа қатысқан курсанттар мен бұрынғы әскерилер, мектеп түлектері мен спортшы әйелдер арасында оның бағы жанып, іргелі оқу ордасының шәкірті атанды.
Қазіргі уақытта Нью-Иорк қаласында 10 400 өрт сөндіруші қызмте жасаса, оның 44-і әйел адамдар.

0 пікір
Мұрағат