Экология: Жер кем дегенде екі мәрте атмосферадан айырыла жаздаған
Экология: Жер кем дегенде екі мәрте атмосферадан айырыла жаздаған
2 жыл бұрын 797

Массачусет технология институтының жаңалықтар тарататын сайтында жуырда оқырмандарды бей-жай қалдырмайтын мақала жарық көрді. Онда Жер планетасы жаратылғалы бері, яғни, шамамен 4,5 млрд жыл ішінде екі мәрте атмосферасынан айырыла жаздаған. Былайша айтқанда, бүгінгі атмосфера бұрынғыдан өзгеше. Ғалымдардың айтуынша, бұған ең алдымен аспан денелерінің жермен қақтығысуы себеп болуы мүмкін. Нақтырақ айтқанда, жерге «жауған» ондаған мың аспан денелері алғашқы атмосфераны өзгерткен. Бұл өзгеріс жердің табиғи серігі – Айдың пайда болуымен тұспа-тұс келеді. Арасында диаметрі 25 шақырымға дейін жететіндері де бар аспан денелері жерге құлаған кезде газды бұлт көтеріліп отырған. Нәтижесінде бұл газ атмосфераны ғарышқа тура мағынасында айдап шығарған көрінеді. Аспан денелерінің жерден бұрын жаратылғанын алға тарта отырып, Шолпан мен Марс планеталары да атмосферадан аспан денелерінің құлауынан айырылып қалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды ғалымдар.

0 пікір
Мұрағат