Шариғаттан аттамай 55 рет күйеуге шыққан
Шариғаттан аттамай 55 рет күйеуге шыққан
2 жыл бұрын 3286

Мавритания астанасы – Нуакшот қаласының Сәлем есімді 50 жастағы тұрғыны шариғат талаптарын сақтай отырып, өмірінде 55 рет күйеуге шыққан екен. Қазіргі уақытта ол Нуакшот қаласының жұпыны аудандарының бірінде қоңыртөбел тіршілікті қанағат етіп, өмір сүріп жатыр. Отбасылық өмірдің ыстық-суығын көрген біздің кейіпкеріміз жергілікті «Саһел» телеарнасының тілшісіне өз өмірінен сыр шертіп, алғаш рет 12 жасында ұзатылғанын жайып салды. Оның ең ұзақ тұрмыс құрғаны 15 жылға созылған екен. Ең азы екі күннен аспаған. Оның тұрмыс құрған уақыты да әр қилы: аптаға, айға созылған. Бұл баянсыздықты ол өзінің шектен тыс қызғаншақтығынан көреді. Сондай-ақ, күйеулерінің арасында отбасы алдындағы міндетіне салғырт қарағандары да болған. Ол барлық күйеуінің аты-жөнін есінде сақтаған, десе де, өзі мойындағандай, тек үш күйеуімен ғана бақытты өмір сүрген екен. Оның біреуі – қазіргі күйеуі. Ол бақытын одан ары талмай іздестіруге дайын екенін де, бір ажырасып, бір үйленуден қажымағанын да жасырмады. Ол барлық күйеуімен шариғат талаптарын сақтай отырып, шаңырақ көтерген. Ол дәрігерлерге жиі қаралатынын да жасырмады. Ол әлі де тың, денсаулығында кінәрат жоқ, өйткені, медициналық тексеруден өткен нәтижесі осыны көрсеткен.

11 пікір
  • Сұмдық қой. Шариғаттан аттамаса да. Адам болған соң, ең құрыса өзіңді-өзің сыйлау деген ұғым бар...
    2 жыл бұрын
  • Шариғатты бетперде еткен ауру адам. Әртүрлі еркектермен жатып-тұру ұнап тұр ғой өзіне.
    2 жыл бұрын
  • Сумдыкай маскара,коргенсиз,соны уялмай айтып отырганы
    2 жыл бұрын
  • еріктен тыс және адам еркінен тыс тағдыры болатынын білесіз. Майды да құдай жаратты деп бас-көз жоқ жей бермейсіз ғой. Өткен жылы біреудікіне қонаққа бардым. Өзі сусамырмен ауырады екен. Ет келді, майлы ет, майы іркілдеген ет. Сусамырмен ауыратын үй иесі майды соғып отыр: ""Құдайдың бұйырған күні өлеміз ғой" дегенді айтты. Ауырдың не, ауырмадың не, өлетін күнің белгіленіп қойған дегенді меңзегені. Алла сенің осындай әрекетің үшін тағдырыңды белгілеп қойған жоқ па еді. Өлсең, содан өлесің. Егер күтінсең, бұл сырқатқа шалдықпас та едің, ажалың одан болмас еді
    2 жыл бұрын
  • құдай-ау, пайғамбар не үшін жіберілді? дін не үшін түсті?
    2 жыл бұрын
  • Это означает что и женщина может как и мужчина давать на развод и выходить замуж за кого ей хочется, Только в Исламе женщина тоже имеет право дать на развод если он ей не нравится, такое право дала последняя религия Ислам. Аллах дал всем равные права и женщинам тоже. Ну вот вы скажете, вам хорошо смотреть как женщина страдает??? и живет одна с детьми без финансовой защиты??? В этом нет ничего предосудительного. Застрессованная женщина хуже чем женщина которая счастлива в браке.
    2 жыл бұрын
  • қанағат деген қайда?
    2 жыл бұрын
  • Возможно не она а мужчины не хотели с ней жить. А может и иногда ей не нравился муж. Это всегда идет взаимной согласию. Я все равно не вижу ничего предосудительного она просто ищет свой идеал. Еще раз повторюсь что женщина тоже имеет право давать на развод. Все женщины могут несколько раз разводится и выходит замуж также как и мужчины. Есть и такие мужчины которые также делают. а Есть и женщины которые претворяются мужчиной и работают и кормят своих детей сами. Не все одинаковые.
    2 жыл бұрын
  • Я тут вижу не уважение не только к себе, но и к окружающим тоже.
    2 жыл бұрын
  • 5 рет ажырасыпты дегенге тан калып журсек 55 рет деген сумдыктын сумдыгы екен
    2 жыл бұрын