Саудиялықтар Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) қабірін ауыстыра ма?
Саудиялықтар Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) қабірін ауыстыра ма?
2 жыл бұрын 1298

Исі мұсылман үшін ең қастерлі орындардың бірі – пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қабірі жойылуы мүмкін. Ал Екі әлем сардарының (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) сүйегі былайғы жұртқа белгісіз жерде қайта жасырын жерленуі ықтимал. Сауд Арабиясының «көрнекті» академиктерінің бұл ұсынысы нұрлы Мәдина шаһарындағы Масжид ән-Набауи мешіті жетекшілерінің қолындағы консультациялық құжаттың бір бөлігі болып табылады. Дәл осы мешіттің күмбезінің саясында Ардақты елшінің (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) сүйегі жатыр. Саудиялық ғалымдардың енді бір тобы киелі Меккедегі қасиетті орындарды жоюға үзілді-кесілді қарсылық білдіріп, наразылық танытуда. Олар Адамзаттың асыл тәжінің қабірінің маңындағы шииттер ерекше қастер тұтатын нысандарды жоюға шақырды. Сауд Арабиясының билігі жоғарыда сөз болған жоспарларын іске асырады ма, ол жағы әзірге белгісіз. Алайда, королдіктегі билік өкілдері бұл мәселеге барынша байыппен қарайтынына уәде беріп отыр. 

1 пікір