Пензада Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаянынан сыр шертетін оқулық жарық көрді
Пензада Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаянынан сыр шертетін оқулық жарық көрді
10 жыл бұрын 3246

Ресейдің Пенза облысының мұсылмандары діни басқармасының ұжымы «Мұхаммед пайғамбар (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) – ғаламның мақтанышы» немесе «ғаламның рақым нұры» деген тақырыппен оқулық шығарды. «Сүре» баспасынан. Аталмыш оқулық орыс тілінде жарық көрді, 430 беттен тұрады. Адамзаттың асыл тәжінің (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) ғұмырынан сыр шертетін оқулық ислами білім беретін бастауыш және орта сынып оқушыларына, сонымен қатар, көпшілік қауымға арналған. Баға жетпес осынау кітаптың осыдан кейін жарық көретін екінші томында Ақиық елшінің (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) Меккедегі кезеңін қамтиды. Өткен жылы «Сүре» баспасынан «Ислам дінінің ережелері мен қағидаларының энциклопедиясы» атты кітап оқырмандарға жол тартқан еді.

0 пікір
Мұрағат