Рамазан айының алғашқы он күнінде Мединедегі Пайғамбар мешітіне 10 млн-ға жуық адам келген
Рамазан айының алғашқы он күнінде Мединедегі Пайғамбар мешітіне 10 млн-ға жуық адам келген
1 ай бұрын 877 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігінде нұрлы Мәдинадағы Пайғамбар мешітіне 10 млн-ға тарта адам бас сұққан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Siasat ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Харам мешіті мен Пайғамбар мешітінің істері жөніндегі бас басқарманың келтірген дерегі бойынша Рамазанның алғашқы он күнінде Пайғамбар мешітінде 9 818 474 мұсылман болған.

Статистикалық мәліметке сәйкес Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) қабірін зиярат еткендердің қарасы 739 702 адам болса, имамдар мен уағызшылар тарапынан рухани бағыт-бағдар алып, діни кеңес алған діндарлар саны 132 893 адамға жеткен. Рамазан айының алғашқы 10 күнінде Пайғамбар мешітінде 195 800 құты зәмзәм суы таратылса, ғибадат ғимаратының арнайы бөлінген жерлерінде ораза ұстағандарға 2 908 530 ауызашар дастарханы таратылды.

0 пікір
Мұрағат